Мұңды қыз дейді мұңды қыз,
Бәріміз қыздар мұңдымыз.
Мұңды қыз – дейді домбыра,
Жетім қыз мәңгі мұңды қыз.
«Мұңды қыз» деген күй атты,
Қос әшек мұңды шығады.
Жүрекке қайғы құяды,
Намыстын отын жағады.
Read the rest of this entry »
Мұңды қыз оның ұрпағы
Биік мұнаралар
Биік мұнаралар
Қос сәйгүлік, разымын мен саған,
Сен арқылы ұзақ жылдар аңсаған,
Ұлы Отанның кездік гүлді өңірін,
Ретін жоқ шаршаған.
Талай күндер ат басымен алысып,
Соққан желмен соққан желдей жарысып.
Келеміз біз малды ауылдан аттанып,
Ерлерменен табысып.
Бізді ауыл құшақ жая құшты кеп,
Ауылдағы өмір неткен ыстық ед.
Әрбір көзге ұялаған күлкілер,
Нұрланыпты сұсты бет.
Read the rest of this entry »
Имашхан Байбатырұлы
Имашхан Байбатырұлы- Моңғолия қазақ мектептері 1930 жылдан бері Қазақстанның мектеп оқулықтарынан қол үзбеді. Сонымен қоса, 1960 жылдардан өздері мектеп оқулығын жасап, шығаруға мүмкіндіктері туды. Имашхан Байбатырұлы Моңғолиядағы қазақ тілінің дамуына, қазақтың салт-дәстүрін сақтап қалуға өз үлесін қосқан дарынды ақын, оннан астам жинақтың авторы, екі жүзден астам өлең, отыздай дастан, тоғау, баллада жазған журналист. И. Байбатырұлы әдеби басылымдарда, жазушылар бөлімшесінде, баспасөз әдебиетке сарапшы болып қызмет атқара жүріп, радиода хабар редакциясының тілші-редакторы,бас редактордың орынбасары қызметін атқарған. Ол кісінің өлең жолдары Моңғолиядан тыс көптеген шет тілдерінде жарық көрген. Моңғол тіліндегі алғашқы жыр жинағы «Домборын эгшиг» («Домбыра сазы») осы кітабы үшін Моңғолия жазушылар Одағының сыйлығын алды. Б. Имашхан “Ұстазым” (1960), “Телқоңыр” (1967), “Аққу әні” (1970), “Айналайын атыңнан” (1975), “Ғашық көзбен қарасам” (1977), “Тақуа Таңдайбай” (1979) т.б. деген кітаптары жарық көріп, 1979 жылы «Алтын жұлдыз» орденін иемденді. И. Байбатырұлының шығармалары орыс, қазақ, моңғол, болгар тілдеріне аударылған. Өмірінің соңғы жылдарын Қазақстаның Семей қаласында өткізіп, Отаныңда дүние салады.
Арғынбай Жұмажанұлы (1929-1994)
Арғынбай Жұмажанұлы. Бұл есім Моңғолия қазақтарына ғана емес, күллі моңғол халқына танымал есім. Ол озық ойлы, талантты ақын, тамаша драматург, тұңғыш киноценарий жазған жазушы, әрі ұстаз-ағартушы адам болған. Ж. Арғынбай 1929 жылы Меңдікөл деген жерде дүниеге келген, қарапайым малшы жанұясында есейіп ержетеді. Ауылдық мектепте бастауыш, орта білім алып, 1954 жылы Алматыда Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін бітіріп еңбек жолын ұстаздықтан бастайды. Ол ұстаздық қызмет атқарып жүріп әдебиетке үлкен ден қояды. Ж. Арғынбайдың алғашқы өлеңдері 1949 жылы «Тақпақтар» деген атпен жеке жинақ болып шықты. Бұл-Моңғолия қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы жыр-жинақ болды. Сонымен қоса 1960, 1972, 1977 жылдары «Ертіс шындығы», «Біздің өлкеде», «Меңдікөл» кітаптары қазақ тілінде, «Эвийн голын дууль» (1978), «Мэнгэт гоо» (1984) кітаптары моңғол тілінде Өлгейде және Уланбатырда жарық көрді.
Read the rest of this entry »
Жаңылтпаштар
Класта ақ бор бар, Көк бор бар, Көп бор бар. * * * Тақпақ жатта, Жатқа жатта. * * * Үйде неше шал отыр? Көсе шал отыр. Тақиясы шошайып Шоқша сақалды шақша бас шал отыр. * * * Ізшілер іздесті, Түз кезді, із кесті. * * * Ошақта от жоқ, Шоқ тап, от жақ. * * * Даланы қар жабар, Қарға балалар аққала қалар. * * * Read the rest of this entry »
Тіл жайлы дана, түйінді сөздер жиынтығы
Тіл-қылыштан да өткір
Ақыл-көркі-тіл
Тілдің көркі-сөз
Ақыл мен білмнің тілмашы-тіл
Көрінеді тілден түйсік,білім де,
Біле білсең жарылқаушы –тілің де.
Білімсіздер тіліне берік болсын,
Білімдінің тіліне ерік болсын.
Тіл мен сөз көңңілдің айнасы.
Адамға екі нәрсе тіректегі.
Бірі-тіл,бірі-ділің жүректегі.
Игі істің басы –тіл.
Сөздің бәрін тыңда,керегін ал.
Ақының тілі-қылыштан өткір ,қылдан жіңішке
Көп сөйлемей азбен келтір иінін,
Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін.
Жүсіп Баласағұни
Мартбек ағадан қалған мұра
АМАЛ
Мен жақында газеттен бе, жоқ әлде кітаптан ба әйтеуір бір қағаздан: «Арақ-ардың ажалы, ақшаның тажалы» деген мақал оқыдым. Қатты айтылыпты. Содан бері арақты көрінген жерде ішуді қойдым. Бір әйел үшінші рет күйеуге тиіп бара жатып: «Апырым-ай, өстіп жүріп бұзылып кетер ме екенмін» деп уайым жеген екен. Сол сияқты мен де ішкіш болып кетермін деп қорықтым. Қазір тек қонаққа барғанда ғана ішемін. Арымды ойлап белгілеп алған мөлшерім де бар. Ал ақшам азаяды деп уайымдамаймын. Өйткені қонақта арақ тегін. Қонаққа барғанда әркім өз шамасына қарау керек. Мәселен, менің шамам 12 рюмке. Оның өзінде 1-ші және 12-ші рюмкені ішпеймін. Себеп: бірінші ауыр ішіледі. Ал соңғы қашанда артық. Айтпақшы, масайып қалмағанымды тексеріп отыратын тағы бір амалым бар. Өзімнен-өзім сезіктене бастағанда „регулирую,, деген сөзді айтып көрем. Егер оңай айтылса ішуді жалғастыра берем. Айта алмай тілім күрмелсе „тізгін тартуға,, өзге ішіп отырғандарға қызығып қарап отыруға тура келеді. Бұл амалды досым Нұржан үйреткен. Бұрын әйелім ойлап тапқан басқа амал болатын-ды. Бірақ ол маған ауырлау тиюші еді. Егер артық ішкенімді аңғарса ол аяғымды шымшып алатын. Әбүйір болғанда әйелімнің абыройын айрандай еткен бір оқиғадан кейін бұл тәсіл қолданылмайтын болды. Бірде қонақта әйелім шатастырып оң жағында отырған менің емес сол жағындағы басқа біреудің аяғын шымшып алды. Ана байғұс оршып түсіп, „ойбай, үстел астында жылан жүр, аяғымды шағып алды,, деп бақырып далаға зыта жөнелді. Отырған жұрт үдере тұрып бақырып-шақырып, бірін-бірі итермелей әлгінің соңынан кетті. Көппен бірге тұтып кеткен үй иесі бірінші болып есін жиды да ептеп басып үйге кіріп үстел астын тегіс тексеріп шықты. Жылан табылмады. Бірақ қонақтар үйге қайтып кіре алмады. Содан бері шымшудан көзім ашылды-ау. Бірақ бәрібір әйелімнің мен қолыма рюмкені алған кездегі алакөздеуінен құтылған жоқпын. Өңменіңнен өтеді ғой шіркіннің көзі. «Әй, мен бұрынғыдай көрінген жерде емес қонақтарда ғана ішіп жүрмін ғой» десем «сен қазір мәдениетті ішкішсің» дейді. Шынымды айтсам мәдениетті деген сөзі ұнайды. Бұрынғы «алқаш» дегеннен көп жақсы. Қазір мен қонақта алаңсыз ішудің керемет амалын таптым. Үй иесіне барған бетте «алып қойыңыз деп көбірек қыстамасаңыз тәбетім ашылмайды» деп өтірік әзілдеген болып ескертіп қоям. Дастархан басында ол әрине «ішіп отырыңыз, алып қойыңыз» деп қайта-қайта айтып бәйек болады. Бір жақсысы мұндай кезде әйелім үндемейді. Кейде өзі де «айтқыза бермей алып отырсаңшы» деп үй йесін қостайтыны бар. Ондайда менің асығым алшысынан түсті дей беріңіз. Тағы бір амалым туған-туыс, тамыр-таныстың туған күндерін тегіс жазып алғам. Күнтізбені күнде бір сүзіп шығып туған күні келіп қалғандарға телефонмен тілекті жаудырамын. Уақыт тауып кіріп шығармыз деп емеурін білдіруді де ұмытпаймын. Осыдан кейін қонаққа шақырмай көрсін. Жалпы біздің халық қонақшыл ғой, дәстүріңнен айналайын! Ал қазақтың қонағы арақсыз Read the rest of this entry »
Мақал-мәтелдер
Адам туралы
|
Адамды күлдіре білу де оңай емес
Мекентайұлы Мартбек Тоқмырза 1968 жылы наурыздың 8 жұлдызында Қарағанды обылысы, Қарқаралы аудананында дүниеге келген. Балалық шағы осы өлкеде өтіп, орта мектепті де осында тамамдаған. Жастайынан мықты журналист болсам деген арманы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика бөліміне түсуіне себеп болады. 1985-1992 жылдар аралығында білім алып, осы жоғарғы оқу орнын сәтті аяқтайды. Кейін туған өңіріне қайтып келіп, жергілікті телевидениеде өз жұмысын бастайды. Көптеген игілікті жұмыстардын басы Мартбек Тоқмырзаның бастауымен болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Қазіргі таңда Академик Евней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде ұстаздық қызметінде атқаруда. Мартбек Мекентайұлы тек теле-радиожурналист қана емес, ол кісінің тағы бір қыры – сықақшылық. Жақында сатиралық негізде жазылған жинағы жарық көрді. Осыған байланысты ол кісімен жүздесіп, сұхбат алуды жөн санадық.
– Read the rest of this entry »
Яки Ілиясұлы
Ақын, әдебиет сыншысы, журналист Яки Ілиясұлы 1937 жылы МХР-дың Баян-Өлгий аймағының Тұлба сұмыны өлкесінде туған.
1957 жылы Ауыл шаруашылық техникумын, 1976 жылы МХРП Орталық Комитеті жанындағы Д.Сүхбаатар атындағы Партия Жоғары мектебінің журналистика факультетін бітірген.
1967 жылдан Монғолия Журналистер Одағының, 1979 жылдан Монғолия Жазушылар Одағының мүшесі.
1957-1968 жылдары аймақтық Орман бөлімшксінде техник, бастық, 1968-1981 жылдары «Жаңа өмір» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы, 1981-1991 жылдары осы газеттің бас редакторы, 1991-1996 жылға дейін Баспахана директоры
қызметтерін атқарған. 1981-1991жылдары Монғолия Журналистер Одағының аймақтық
бөлімшесі бастығын қосып атқарды.
