RSS

Монғолиядағы Баян – Өлгий аймағы қазақ баспасөзінің қалыптасып дамуына үлес қосқан журналист-публицистер шығармашылығы

24 Feb

Моңғолиядағы қазақтар жалпы қазақ әдебиетінің нәрін өз бойына сіңірумен бірге, қазақтың ауыз және жазба әдебиетің үлкен арнасына өз үлестерін қосты. Осы әдебиет үлгілерінде өздерінің өмір тарихы, болмысы, саяси жағдайың өзгеруі, арман-мақсаты, мұң-мүддесі, сырын шерткен туындылар жасады.Олар көшпелі өмір кешіп, рухани күш жігерінің көбін, ауыз әдебиеті, ауызша шежіре, тарих төрінде сақтап келді. Олар, қазақтар арасынан жазылып алынған ауыз әдебиеті үлгілері, шығарушысы белгілі жыр-толғаулар, айтыс түрлерінің  барлығы қазақ әдебиетіне, қазақ баспасөзіне қосқан үлесі, қазақ ұлтының ортақ қазынасы.

Моңғолиядағы қазақтар Алтай тауының теріскей бетіне қоныстанған кезден  бастап қазақ әдебиетін өзіндік үлгілерімен байытты. Қазақ әдебиетінің терең тамырын сақтап, одан нұр, рухани азық алды. Әдеби үлгілердің пайда болуына алғашында өз бастарынан өткен өмір, арман сияқты қажетілігінен туған. Моңғолиядағы қазақтар қазақ әдебиетіне өз үлесін қосып, ұшан-теңіз әдеби мұра қалдырды. Бұл өлкедегі қазақтардың рухани байлығының аса мол бір саласы айтыс өнері болды. Халықтың тарихын насихаттап, мұң-мүддесін жоқтап, таным дүниесін кеңейтіп, ұлттық психологияны орнықтырып,  халықтың рухани бірлігін қорғауда айтыс үлкен қызмет атқарды. Бұл өлкедегі қазақтар арасынан жиналып алынған ауыз әдебиет үлгілері 5 кітап болып басылды. Айтыc өлең ел қорғаған батырларын мадақтап, туған жерін cүйюді уағыздап, бейбіт өмір, ізгілікті қайырымдылықты жырлауға арналған. Айтыc қазақ әдебиетінің ең таңдаулы жанры ғана емеc қазақтың қазақтығының өлшеуіші. Айтыcқа қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, пcихологияcын жетік меңгерген, жан- жақты білімі бар, дарын иеcі ғана қатыcады.

өнерінің көлемі кең, тақырыбы терең кемелденіп дамыған түрі ақындар айтыcы. Моңғолиядағы қазақтардан Төлебай, Оңашыбай, Тауданбек, Ақтан, Тірнекей, әдепбай cынды айтыc ақындары болған. Айтыc өнерінің тағы бір артықшалығы  қазақтың қыз-келіншшектерінің дарынын кең ашуға мүмкіндігімен cипатталады.

Ақын Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақовтан бастап 30-дан астам халық ақындарының шығармалары жинастырылып, зерттеліп, ел игілігіне айналды. Тауданбек Қабанұлы (1830-1908), Төлебай Бөжекұлы (1858-1924), Мешел Қожекеұлы (1858-1928), Отарбай ақын (1882-1953), Нәжікеш Таңқайұлы (1885-1953), Оңашыбай Ірбітұлы (1892-1953), Бұрқасын Тауданбекқызы (1905-1968) сынды халық ақындарының шығармашылығы арнайы зерттеліп, оқырман қауымға жол тартты.
Ал енді әдебиетке, баспасөзге  келетін болсақ. Алтай тауындағы қазақтың саналы тұлғасы болып танылып Абаймен тұстас өмір кешіп өшпес әдеби, діни мұра қалдырған данагөй ақын Ақыт хажы Үлімжіұлы Қарымсақов Алтайский болып табылды. Ол өз шығармаларында қазақтың озық та, білімді ел болуын аңсады. Мешеулік пен отаршылық бұғауы торлаған қазақтардың мәдениетін әлеуметтік биікке көтерді. «Ол, 1867 жылы Алтай күн бетінің Қайырты деген жерде дүниеге келеді. Жеті жасынан немере ағасы Садық Жибекұлы және Ғұсман моллдадан хат танып, соңында Махбубулла молладан дәріс алады. Ол араб, түркі, парсы тідерін үйреніп Қазан мен Стамбулда басылған сан алуан кітаптарды оқып білім көк жиегін кеңейтеді. 1902-1904 жылдары Бұхара медреcеcінде оқиды. Сол кезден зеректігімен өлең шығаруға бейімділігімен айырықша көзге түcеді. 1898-1890 жылы Қобда қалаcында Чиң үкіметінің жергілікті әкімшілігінде хатшылық қызмет жаcайды. Онда  жұмыcтауына манжі, моңғол тілдерінен cауаты болуы да әcер еткен»[1,61]. Сол кезден Алтай тауы қазағына байланыcты іc жүргізуге қатыcып, чиң отаршыларының баcқыншылық cаяcатын танып, біліп халқына аз да болcа cептігін тигізуді ойлап, cол бағытта қызымет етеді. Cол кезде қазақ әдебиті мұралары мен қатар шығыc әдебиеті үлгілерімен терең таныcып, шабыт алып, өзінің тұңғыш даcтаны  ‘’Жиһаншаһ’’- ты Қобда қалаcында жазып бітіріп, 1897 жылы Қазан қалаcында баcтырады. Уақыт өте келе Ботағара руының ауылдары бұл кісінің білімі мен талантын танып, өз араларына көшіріп алады. Бұл адамдардың білімі, ой-өрісінің өсуіне, ғылыми әдеби шығармашылығының өрлеуіне жағыдай жасайды. «Ақыт оcы кезде ‘’Жиырма бөкілешке баға тиын’’, ‘’Ғылым-cәуле,  Нұр-жарық’’, ‘’Керей ишаны Мухаммед Муһмин’’, ‘’Құлтайболат Тұңғышбай’’, ‘’Жақcы қатын мен жаман қатын’’, ‘’Кеcікқол келіншек’’ т. б., өлең, хиccа, даcтандарын жазып, біртуар талантымен белгілі болды. Ақыт ақынның өмірі мен филоcофиялық көзқараcы, cаяcи cанаcы, шығармашылығы  cапалық  жоғары деңгейге өрлеудің баcы 1906 жылы мұcылмандық парызын өтеу үшін 39 жаcында Меккеге баруы болды. Ол қазіргі Баян-Өлгий  аймағының Дэлүүн жерінен cапарын баcтап, Жайcаң, Семей, Омбы, Пенза, Одеccа, Измир, Бейрут, Шам, Мекке, Медине, Иеруcалим қалаларында болып, хал ахуалын өз көзімен көріп өзі білетін қазақының жайымен cалыcтыра қарайды.»[1,67] Араб елдерінде екі жарым жыл тұрып араб әлемі мәдениеті, әдебиетімен кеңінен таныcып өз білімін жетілдіріп, әлемдегі cирек кітаптарды жинаcтырып, ғылымға терең бойлайды. Оcы елдердегі жетекші ғалымдар Ақыттың білімділігін мойындап, Мекке, Медина қалаларына аты әйгіленіп ‘’Білімпаз адам’’ (тәйіп) атанады. Хажылық cапардан cоң шығармашылық қызметін одан әрі жалғаcтырып, ‘’Хажыбаян’’, ‘’Абақ- керей шежіреcі’’, ‘’Ер Жәнібек’’ cекілді туындыларын жазған. 1940 жылы Үрімжіде гоминдан түрмеcінде 73 жаcында азаппен өлтірілді.

Қазақстанда болса Ақыт туралы Қазақ энциклрпедиясында жазылды. Үшкөлтай Сұқпанбердіқызы «Сейфулмәлік» дастанын ақы иесі атымен бастырса, Қ. Нариман, Ә. Жиреншин т.б. адамдар баспасөз беттерінде насихаттап отырды.[3.23]

Қазірге дейін әркім “Моңғолия қазақтарының жазба әдебиеті 1940 жылдан бастап “бой көтерген” – дегенді жазып келеді. Олай болса, қазақтың Абақ-керей тайпаcынан туып шығып жазба әдебиеті мен баспасөзінің шексіз мол мұрасын жасаған Ақыт Үлімжіұлы Қарамсақов Алтайский тағы басқаларды қайда қоямыз. Ал, 1940 жылдарға дейінде Моңғолиядағы қазақ жазба әдебиеті, баспасөзі өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Тек саяси, экономикалық жағдайларға байланысты өз шығармаларын баспа бетінде жариялай алмады.

Баян-Өлгий аймағында 1950 жылдары қазақтар арасынан қазақ баспасөзіне, жазба әдебиетіне өзіндік үлесін қосқан, дарын иелері пайда болды. Оларда қазақ баспасөзінің, әдебиетінің ең озығын, ең асылын рухани азық етіп, сол әдебиеттің аумағында өз шығармаларын жазды. Сондықтан да, Моңғолиядағы қазақ қаламгерлері қолынан туындыған әдеби шығармалар жалпы қазақ жазба әдебиетінің құрамдас бөлігі  тармағы  болып есептеледі.

1960 жылдан бері Моңғолиядағы қазақ қаламгері қазақ баспасөзі, әдебиетіне өзіндік үлесін қосты. Осы уақыт ішінде осы саласында еңбек еткен Моңғолиядағы қазақ ақын жазушыларынан 20-дай адам ғана қаламгерлік деңгейіне көтерілді. Олар замана талабына сай қызмет еткенімен, шығармашылық ізденістер жасап, еңбектеніп, саналуан жанрлар бойынша әртүрлі тақырыпта арналған шығармалар жазып, кәсіпқой қаламгер дәрежесіне бет бұрды.

1960–1970 жылдар Баян-Өлгий қазақ қаламгерлері қазақ баспасөзіне жаңа туынды бере бастаған кез болса, 1970–1990 жылдары біршама көлемді шығармалар жазып, қаламгерлер қатары әдеби-теориялық білімді адамдармен толыққан кез болды. Моңғолия қазақ қаламгерлері арасынан қазақ баспасөзі мен жазба әдебиетіне келіп қосылған ірі өкілдердің бірі ақын, драматург Бабиұлы Ақтан (1897–1973) болды. Одан соң М.Құрманхан (1923–1964), Х.Махфуз, Д.Даниял, Ж.Арғынбай, К.Шерияздан, М.Елеусіз, Х.Ислам, Б.Имашхан, Х.Шабдарбай, С.Мағауия, Т.Сұлтан, Х.Даян, Ж.Кәкей, И.Яки, Ш.Жамлиха, А.Кауия, Р.Шынай, А.Сейітхан сияқты қаламгерлер есімі көпке танылды.

Моңғолиядағы қазақ жазушылары 1970 жылдардан соң қазақ әдебиетінің роман жанрын, меңгерді. Сөйтіп, 1970–1990 жылдар аралығында ондаған роман, жүзден астам повесть, мыңдаған әңгіме, жыр, толғау, дастан-поэмалар жазды. 1991 жылдан бұл өлкедегі қазақ қаламгерлерінің бір тобы Қазақстанға қоныс аударып, қазақ әдебиеті өміріне терең араласып, шығармашылық өмірлерінде сапалық жаңа кезең басталды.

Моңғолиядағы қазақ қаламгерлерінің қолынан туып шығып, баспа бетінде жарияланған туындыларды екі үлкен бөлікке бөліп қарауға болады.

І кезең: 1940-1970 жылдар. Бұл жаңа әдебиеттің, баспасөздің  пайда болып қалыптасу кезеңі. ІІ кезең: 1970 жылдан бүгінге дейінгі уақыт. Бұл баспасөздің, жазба әдебиетінің толысу дәуірі.

Моңғолияда туып, өсіп, әдебиет майданында қалам тартып келген қазақ қаламгерлер, олардың қолынан шыққан ірілі-уақты шығармалар, сол ағайындардың жан дүниесінен туындаған, ақыл-ой, еңбегі сіңгендіктен қазақ жазба әдебиеті тарихында, оның алтын қорында өзінің лайықты орнын иеленіп қала береді. Сондықтан да оның үлгілері, қазақ қаламгерлерінің туындыларын қазақ әдебиетінің бір бұтағы, құрамдас бөлігі ретінде қарап, сол тұрғыдан – практикалық-теориялық жағынан қортындылар жасап, ғылыми бағасын беретін уақыт та болды. Моңғолия қазақ қаламгерлерінің қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алатын әдеби туындыларын саралап, олардың арасынан туып шыққан белгілі ақын, жазушылардың шығармаларын жалпы қазақ халқының игілігіне айналдырып, қазақтың орта, жоғары оқу орындары бағдарламасына кіргізіліп оқытылуы қажет.

Алтай тауының теріскей бетіндегі қазақтар арасындағы баспасөздің, қазақ әдебиеті дамуы тарихына тоқталып өтсек. Бұл өлкеге қазақтар тұрақты қоныстанып, адамдардың рухани қажеттілігі тек ауыз әдебиеті, халық ақындарының шығармаларымен қанағаттандыру мүмкін болмайды.  Сөйтіп, олардың ішкі ақыл-ой қажеттігін өтейтін, өздері басып өткен тарих, өмір, белгілі оқиғаларды арқау еткен баспасөз, әдебиет туындыларын жазу өмірдің өз қажеттілігінен туындады. Қазақ ауыз әдебиеті, қазақ газет-журналдарының жарық көруі, халық ақындары шығармалары, мектептер ашылуы, Қазақстаннан мұғалімдер келіп, қазақ әдебиеті кітаптарын кең тарауы сияқты игі жақсы мүмкіндіктер Моңғолиядағы қазақтар талапкерлері арасынан қазақ баспасөзіне, жазба әдебиетіне өз үлесін қосатын алғы шарттарды туғызды. Баян-Өлгий аймағында халықтың түрмыс-тіршілігін сипаттайтың басылымдар, қазақ әдебиет түрлерін жазуға 1941 жылдан “Өркендеу” (қазіргі « Жаңа өмір») газетнің шығуы игі әсер етті. Әдемі өлең, әңгіме сияқты шағын шығармалар басылды. Ал, 1957 жылдардан қазақ әдебиет көзге түсіп, түр, тұлға мазмұны жағынан жазба әдебиеттің барлық  қасиеттерін меңгеруге талаптанып келуімен ерекшеленді.

1941 жылы аймақтық клубта Б. Ақтанның “Ермалай», “Жамал–пьесасын ойнап, 1942 жылы аймақтағы алғашқы әдеби “Тақпақтар жинағы деген кітапты басылып оған, Б.Ақтан, Х.Махфуз, Н.Базыкейлердің өлеңдері латын әрпімен басылады. 1949 жылы Ұланбатыр қаласында Ж.Арғынбайдың “Тақпақтар” жинағы басылып шықты. 1956 жылы қазақ қаламгерлері 6 ән сөзі, 7 өлең, “Кезең үстінде, Таланттылар т. б. пьесалары шығуы халық назарын өзіне тартты [1.183].

1955 жылы қазақ қаламгерлері үйірмесі құрылған соң ақын, жазушы атана бастаған осы үйірме мүшелері, талапкерлер 1957 жылы жылына 4 дүркін шығатын әдеби “Жаңа талап» («Шұғыла»)  альманағы дүниеге келді. 1957 жылы аймақтық әдебиет үйірмесі мүшелерінің кеңесі болып өтеді. Моңғолия жазушыларының ІІ съезі 1957 жылы көкек айында болып, Б.Ақтан, М. Құрманхан, Ж.Арғынбайлар өкіл болып қатысты. Съездің есебінде “Б.Ақтанның “Жамал”, Ж.Арғынбайдың “Талаптылар», М. Құрманханның “Кезең үстінде» пьесаларлар сәтті шығармалар болды“ /1,55/, –деп жазылады. Осы съезде Ж.Арғынбай сөз сөйлеп, “Өлгийліктер өз жазушылары бар, олар неше ондаған өлең, тақпақ, ән сөз, әңгіме, очерк, пьеса жазып, бастырып шығаруда. Жазушы Б.Ақтанның шығармалар жинағын қазақ тілінде баспаға дайындадық. Қазақ тілінде басылып жатқан шығармаларды Моңғол оқырмандарына жеткізуге назар аударылмай отыр“ /3,32/, –деп жазушылар ұйымына сын айтады. 1957 жылы З. Баттулганың “Төвшин төгс» повесін моңғолшадан аударып, Қазақстанның кейбір жазушыларының шығармаларын қайтадан басып баспасөз арқылы халыққа таратып отырды. Осы кезден соң газет, журнал, кітап саудасы ісі жанданып, Қазақстанның барлық кітаптары келе бастаған кезден бұл жұмыс тоқтайды. 1949 жылы Д.Сэнгээнің повестісі, 1951 жылы Б. Құрметбек Ч.Лодойдамбаның  “Алтайда” романын аударып Ұланбатыр қаласында басып шығарады. Сол жылы Баян-Өлгий аймағы орнауының 10 жылдық мерейлі тойына орай Б.Баастының “Гүлденген Баян-Өлгий” деген кітабы басылды.

1957 жылы “Жаңа талап” журналы алғашында 2000 дана басылып тараса, оқырмандар жылы қабылдап жыл соңында 3000 дана болып басылды. Журнал шығарушылар алқасы 11 адамнан құралып,  редакторы Ж.Арғынбай болды. Бұл журналға басылған шығармалар бәрі сапалы болмағанымен оған шығармаларын бастырушылар саны өсті. Онда көбіне ақын жазушылардың жарыққа шыққан шығармалары жарияланып түратын, ал қазіргі кезде «Жыр желкені», «Қара сөздің қамбасынан», «Әлем классикасы», «Ғылым, ізденіс, тарих», «Әзіл-оспақ отауы», «Ән» деген айдарлармен жарыққа шығады. Мәселен, 1959 жылѓы 10 әңгіме, 100-дей өлең, тақпақ, 4 мақала жарияланды.

1958 жылы мамырда Моңғолия жазушылар Одағының ІІ жалпы жиналысы болып, оған Б. Ақтан қатысып сөз сөйлейді. Ол 1948 Моңғолия жазушыларың алғашғы съезіне өзі қатысқан сол дәуірден бері қоғам біршама өсіп жетілгенін айта келіп, “біздің қазақ жазушылардың саны өсіп, көптеген жас жазушылар туып шығумен қатар, жазып жатқан шығармалары жанр, және  саны жағынан қосылып, сапасы жақсаруда“ /3,115/,- деп атап өтеді. 1960 жылы Баян-Өлгий аймағының мәдениеті мен өнерінің 10 күндігі Ұланбатыр қаласында болып, М.Құрманханның “Жасыл дөң”, Ж.Арғынбайдың  “Ертіс жырлары” пьесасын ойнады.

1957–1962  жылдар арасында қазақ жазушы, ақындарының саны өсіп, шығарма жазуда табыстарға жетіп, олардың қатары өсті. Б.Ақтан 1940 жылдан бастап өлеңдерді молынан жариялап, ұлттық клубта драмалық шығармаларын ойнайды. 1957–1962  жылдар аралығында М. Құрманхан, Ж. Арғынбай, Қ. Махфуз, Д. Даниял, Н. Шерияздан, Ж. Икрамбектер келіп қосылды. Бұлармен бірге баспасөзде өлең жырмен өздерін көрсете бастаған 30-дай үміткер әуесқойлар көзге түсіп, 70 жылдар басында Б.Имашхан, Қ. Шабдарбай, С. Мағауия, Қ. Данял, І. Яки, О.Солдатхан, А. Қауия, Қ. Қабидаштар ақын, жазушы ретінде оқырмандарына танылып, 1-3 жинақ кітаптарын ұсынады. Б.Ақтанның таңдамалы  “Шығармалары“  (Өлгий–1957),  “Бүркіт” поэмасы (1959), “Жасыл шық“ (1960), “Өмір өткелдері“ (1970) жинақтары жарық көрді. М. Құрманханның “Жасыл дөң“ (1960) “Шығармалар жинағы“ (1965) шығып, “Кезең үстінде”, “Жасыл дөң”, “Тұлба көл шайқасы” т. б. шығармалары енген. Н. Шерияздан,  Д. Даниял, Б. Имашханның шығармалар жинағы басылып, 20-дай ақын, жазушының шығармаларын құрастырған үш жинақ басылып шығады.

Бұл кездегі шығармалардың басты тақырыбы үгіт-насихат өлеңдері, таптық, партиялық, интернационалдық принциптерді бетке ұстап, коммунистік идеология аумағында болды. Кейінрек ақын-жазушылардың дүние танымы артып, творчестволық есеюнің нәтижесінде лирикалық өлеңнің жазба әдебиетке тән махаббат, көңіл-күй, жер-суды дәріптеген түрлері дамыды. “Жаңа талап” жалғасты шығып тұрғанмен, уақытында басылмай, сапалы повесть, очерк, әңгіме т. б. басылмай келгенін сол кезде сынап отырған. Бұған қоса  Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында  шығып тұрған «Қазақ-Өлгий», «Темірқазық», «Алау», «Шамшырақ», «Заман-ай», «Ғылым» газеттері, «Үгітші», «Уақыт және оқиға» журналдары, моңғол тіліндегі «Үнэн», «Улаан Од», «Хөдөлмөр», «Өнөөдөр», «Ил товчоо», «Ардчилал», «Ардын эрх» қатарлы орталық басылымдарда, журнал, газеттерде, сондай-ақ  Қазақстанда жарық көрген «Қазақ тарихы», «Отан тарихы», «Жұлдыз»  журналы мен «Қазақ әдебиеті», «Шалқар» т.б. басылымдар жарық көріп тұрған, бірақ экономикалық жағдайларға байланысты жауылып қалды.Осы кезден бастап Моңғол жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударумен қатар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын Моңғол тіліне аудару жұмысы етек алып, 1969 жылы сол кезде шығармалары жарияланған барлық жазушы ақындар туындасының Моңғол тіліне аударып басумен бірге Б.Ақтанның жинағын Моңғол тілінде басып шығарды.

Жоғарыда аталған ақын-жазушылардан бұлардан басқа 18 жинағы кітаптары, 60-тай поэма, әңгіме, повесть, очерктермен бірге, драмалық шығармалар, әдеби зерттеу, сын-библиографиялық еңбектер шығады. Моңғолия жазушылар Одағының ІІІ-съезінде сөйлеген сөзінде Б.Ақтан “өмірдің шындығын көркем сөзде өткір сөзбен бейнелеп жазу көркем сөздің мастері болған біздің міндетіміз. Сондықтан біздің әдебиет үйірме мүшелері, жазушылар көркем сөзбен тек бүгінгі өмірді бейнелеп ғана қоймай, тағыда бүгінгі өмірден бүршік алып өсіп келе жатқан келешектің ақиқатын қырағылықпен бейнелеуіміз қажет“ [1.189] дейді.

1962–1967  жылдар арасында қазақ қаламгерлерінің үйірмесі ұйымдық жағынан буыны қатайып, жеке дара болып, мүшелері саны 50-ге жетіп, Моңғолия жазушылар Одағы мүшелегіне бірнеше қазақ, ақындары ілеседі. Осы жылдарда барлық қазақ қаламгерлері табысты еңбек етіп, алғашқы ақын-жазушылар қатарына Қазақстан және  отандық жоғарғы оқу орындарында әдебиеттік теориялық жоғары мамандық алған жас ақын, жазушылардың легі келіп қосылды. Олар бұл өлкедегі қазақ әдебитіне, баспасөзіне  жаңа екпін, жаңа түр, жаңа мазмұн ала келді деп жазады доктор Қ. Қабидаш. әсіресе прозалық шығармалар саласында алға басушылық болып, М.Елеусіз, Х.Шабдарбайдың  повестері жарық көріп, ауыз әдебитін жинауда Х.Махфуз, Х.Соян жақсы нәтижеге жетті. Моңғол тілінен 16 кітапты қазақ тіліне аударып басады. 1965 жылы қыркүйекте Өлгий қаласында жергілікті ақын-жазушыларға арналған  семинар болып, Б.Бааст, Х.Даянның қойған баяндамаларын талқылап, қазақ әдебиеті жәй-күйіне қорытынды жасайды.

1962–1967 жылдары “Жаңа талап” альманағы қазақ қаламгерлерінің шығармаларын жарыққа шығаруда үлкен міндет атқарды. Аймақ жазушыларының біріккен жинағы “Жасыл дөң” деген атпен Улаанбаатырда басылды. Сол жылы дарынды қазақ ақыны Б.Ақтанның туғанның 70 жылдық мерекесін Моңғолия көлемінде салтанатпен тойлап өткізуі, қарт қаламгерге жаңа жігір беріп ғана қоймай жалпы қазақ ақын жазушыларына қайрат берді.

1967 жылы шілдеде Моңғолия жазушылар Одағының ІV съезі болып, оған қатысқан қазақ жазушысы Б.Ақтан сөз сөйлеп, съездің баяндамасында сөз болған кейбір аймақ орталықтарында жазушылар бөлімшесін ашу қажет екендігі туралы пікірді қолдап, ондай бөлімшені Баян-Өлгий аймағында ашу керектігін айтып, ол жастардың творчестволық өсуіне ықпал жасайды дей келіп, Баян-Өлгий аймағында баспа өндірісі кітап шығару жағынан заман талабынан артта қалғанын айтып, жас жазушыларды шет елдерге жіберіп, білімін жетілдіріп, тәжірибе зерттеудің қажет екенін баса айтады. Сөйтіп, 1968 жылы 28 желтоқсанда МХРП ОК-нің Саяси бюросы арнайы қаулы қабылдап,  Баян-Өлгий аймағының қазақ қаламгерлерінің әдебиет үйірмесін  қазақ жазушылар бөлімшесі болғызып құруды міндет етеді. Сөйтіп, Қазақ қаламгерлерінің көп жылғы ізденіс, талап-тілектері нәтижесінде қазақ әдебиетін дамытудың жаңа кезеңі басталған еді. Баян-Өлгий аймағындағы қазақ жазушылар бөлімшесі қазақ баспасөзін дамыту, аударма жасау, зерттеу жұмыстарын жүргізуде пайдалы болған еді. Бұл бөлімше арнайы бөлімше меңгеруші, әдеби қызметкерлер жұмыстап, журнал шығарып, қаламгерлерді қажетті ақыл-кеңеспен қанымдап отырды. 1963–1973 жылдары Моңғол жазушыларының шығармаларын көптен аударып басумен бірге, Б.Баастның зор еңбегі арқасында Б.Ақтан, М. Құрманхан, Ж.Арғынбай, Х. Шабдарбай, Н.Шерияздан, Б.Имашхан, Д.Даниял т. б. қазақ қаламгерлерінің туындылары моңғол оқырмандарына жетті.    Қ.Абай,   М.Әуезов,  С.Мұқанов,  Ғ.Мүсірепов,  А.Әлімжанов,  И.Есенберлин,  А.Нұрпейісов,  Ш.Өтепов, Ш.Мұртаза,  Ж.Молдағалиев,  О.Сүлейменов, Қ.Мырзалиев, Қ.Абдықадыров қатарлы қазақтың ақын-жазушыларының 20-дан астам кітабы Ұланбатыр қаласында Моңғол тілінде басылып, оқырмандардан жоғары баға алды. Баян-Өлгий қазақ қаламгерлері 1940–1979 жылдар арасында орыс, Моңғол тілінен дүниежүзі әдебиетінің 40-тан астам әңгіме, повестісін қазақ тіліне аударып басқан. 1972 жылы Моңғолияның өнеріне еңбегін сіңірген қайраткер, даңқты ақын, драматург Б.Ақтанның туғанның 75 жылдық торқалы тойын ел көлемінде кеңінен тойлауы қазақ әдебиеті өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болды. Ұланбатыр қаласында болған ғылыми конференцияда, ақынның өмір жолы, шығармашылығы жайында жан-жақты сөз болды.[4.7]

 
6 пікір

Posted by on Ақпан 24, 2011 in Uncategorized

 

6 responses to “Монғолиядағы Баян – Өлгий аймағы қазақ баспасөзінің қалыптасып дамуына үлес қосқан журналист-публицистер шығармашылығы

  1. Diana

    Наурыз 2, 2011 at 3:46 am

    Салем Шашу! Блогын жаксы екен,мыктысын. Қадамын сәтті болсын. Қазақ журналистикасының жұлдызы бол. Қаламынды ұштай бер. Іске сәт,Алла жар болсын…………

     
    • nurshashu

      Наурыз 2, 2011 at 3:56 am

      Сәлеметсіз Диана ханым! Пікіріңізге рахмет! Сізбен біз болып интернет журналистиканың дамуына ат салысайық. Қалай қарайсыз а!

       
  2. Өркен

    Наурыз 3, 2011 at 6:31 am

    Ау журналист қарындас, сізді жеті айналып, жерден таба алмай жатырмыз. Блог құрылтайға байланысты.. соткаңыз алмайды, бүгін-ертең менің телефоныма 87029474778 хабарласшы,

     
  3. jbek

    Сәуір 1, 2011 at 4:38 pm

    жақсы жазыпсың

     
  4. Бекен Кайратулы

    Тамыз 15, 2011 at 1:02 am

    Нуршаш мына болгың жақсы екен. Құтты болсын!

     
  5. гульзат

    Қараша 19, 2011 at 1:02 pm

    Алғашқы қадамың құтты болып, еңбегің жемісті болсын!

     

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

 
%d bloggers like this: