RSS

Адамды күлдіре білу де оңай емес

30 Mar


Мекентайұлы Мартбек Тоқмырза 1968 жылы наурыздың 8 жұлдызында Қарағанды обылысы, Қарқаралы аудананында дүниеге келген. Балалық шағы осы өлкеде өтіп, орта мектепті де осында тамамдаған. Жастайынан мықты журналист болсам деген арманы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика бөліміне түсуіне себеп болады. 1985-1992 жылдар аралығында білім алып, осы жоғарғы оқу орнын сәтті аяқтайды. Кейін туған өңіріне қайтып келіп, жергілікті телевидениеде өз жұмысын бастайды. Көптеген игілікті жұмыстардын басы Мартбек Тоқмырзаның бастауымен болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Қазіргі таңда Академик Евней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде ұстаздық қызметінде атқаруда. Мартбек Мекентайұлы тек теле-радиожурналист қана емес, ол кісінің тағы бір қыры – сықақшылық. Жақында сатиралық негізде жазылған жинағы жарық көрді. Осыған байланысты ол кісімен жүздесіп, сұхбат алуды жөн санадық.
сіз теле-радиожурналиссіз, ұстазсыз ћәм сатириксіз. Жалпақ жұртқа жалпы өзіңізді кім деп танисыз?
– Шынын айтқанда, ең бірінші кезекте мен – адаммын…
– Ал адам дегеніміз кім болды?
– Адам дегеніміз “Кешегісін сағынатын, ертеңгісін армандайтын, ал, бүгінгісіне көңілі толмайтын – пенде”. Осы сөзді айтқан ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХI бірінші жартысында өмір сүріп жатқан ғұлама, кім?!… Мартбек Тоқмырза! (күлді)
– Ал адамның осы жалғанда нағыз досы кім?
– Адамның бұл жалғанда айнымас, адал досы бұл – ажал!
– Өте қорқынышты екен…
– (күліп) Қорқатын түгі де жоқ. Мен неге бұлай деймін? Жалпы Алланың жаратуында адам үшін ең адал – ажал. Неге десеңіз, ажал ерте ме, кеш пе міндетті түрде келеді. Алдамайды. Басқасының бәрі алдамшы, бекер. Ал енді бұлай деп отырған себебім, адам өмірге келген сәтінен бастап ажалға қарай жүреді. Міне, осы уақыт аралығында өзінің пешенесіне жазғанын көріп, тиесілі міндеттерін атқарады. Жаңағы сіз айтып, отырған менің журналистігім, ұстаздығым, сықақшылығым – осы аралықта менің атқарып жатқан қызметім.
– Журналистиканың әр саласында еңбек еттіңіз. Осы салада қол жеткізген жетістіктеріңізді айтып кетсеңіз.
– Теле-радиожурналистика саласын игергенмін. Бірінші кезекте шынайы журналист болсам деген жастайымнан арман болды. Сол арманмен Алматыға келіп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1985-1992 жылдар аралығында білім алдым. Кейінірек Қарағанды қаласына келіп, Қазақстан-Қарағанды телерадиокорпорациясында 10 жылдай қызмет атқардым. Онда атқарылған іс аз болмады. “Біз жанбасақ” деген өзімнің авторлық бағдарламамды жасадым. Сол кездегі жанры ток-шоу болған жалғыз бағдарлама еді. Бұл алғашқы жетістіктің бірі болды. Онан кейін “Білгенге маржан” интеллектуалды бағдарламасын жүргіздім. “Езу тартар” атты бағдарламаны да эфирге алып шықтық. Және осы бағдарламалар желісі бойынша қаламыздағы Академик Е.А.Бөкетов атындағы университетінде курстық, дипломдық жұмыстар жазылды. Бұл да бір үлкен жетістік деп білем.
– Халық сізді тұлғалы теле-радиожурналит ретінде көп таниды. Кейінгі жылдары сатираға мойын бұрып, қазақ сатирасының өкілі де атанып жүрсіз. Өнердің осы саласына келуіңіздің өзіндік бір себептері болды ма, әлде сықақшылық қасиетіңіз туа дарыныңыз ба?
– Бұл бойымдағы бір қырым десем де болады. Кішкентай жасымнан әзілге, сықаққа жақын болдым. Адамды күлдіре білу де оңай емес. Ол үшін адамның бойында табиғи талант болуы керек. Кейінірек, байсалды әзіл-сықақ шығармалар туа бастады. Оларды қағазға түсіріп, бірнеше рет жинақ болып басылып та шықты. Сатирадағы алғашқы жетістігім ол 1999 жылы халықаралық “Шабыт” фестивалінде лауреат атанғаным болды. Соңғы жинағым осы ақпан айында жарық көрді. Бұл еңбекті аса жоғары бағалаған және де осы жинақтың алғы сөзін де жазған бәрімізге белгілі сатирик, классик Үмбетбай Уайдин болды. Жалпы алып келе жатқан бағытымыз осындай.
– Дүниеге алып келген шығармаларыңыздың ішінде жеке өз басыңыздан өткенді баяндайтыны бар ма?
– Әрине. Ол әр қаламгердің басында болатын жағдай. Мейлі ол сатирик болсын, мейлі әдебиеттің басқа саласын игерген адам болсын, әркім өзінің көрген-білгенін шығармасына арқау етеді. Менің туындыларымның бәрі болған оқиға деп айта алмаймын, бірақ кейіпкерлерімнің образдарын мен шынайы өмір сүріп жатқан адамдардан жасаймын. Яғни әр түрлі әр салада еңбек етіп жатқан адамдардың мінез-құлықтары, айналаға деген көз қарастары менің шығармаларымнан көрініс тапқандары аз емес.
– Әр қаламгердің өз туындысы оның мінездемесі десек те болады. Көп жағдайда шығармалардан автордың өмірге, қоршаған ортаға деген пікірін байқауға болады. Сіздің шығармаларыңызда да сатирикшілерге тән принцип бар. Кей кезде сізді өз алдына оппозиционер ма деп те қалам. Бір сөзбен айтқанда, саясатқа деген ой-пікіріңізді білгім келеді.
– Жалпы ұстанған бағытымыз: журналистік көз қарас, сатириктік сын болғандықтан саясатты айналып, аттап өте алмаймыз. Бұл екі мамандықтың да қоғамға, халыққа тікелей қатысы болғандықтан, саясатпен де тығыз байланысты. Шын мәнінде, биліктің сан түрлілігі менің шығармаларымның дүниеге келуіне де себеп болып жатады. Қолына қалам ұстаған әр қаламгер саясатта, билікте болып жатқан келеңсіз жағдайларға, жоғарыда отырған кейбір ағаларымыздың қисынсыз іс-әрекеттеріне көз жұмып қала алмайды. Оны бетке басып, тік айта алмаса да өзінің жазған дүниелері арқылы айқын білідіре алады. Қаламы – оның қаруы. Бұның бәрі, әрине, халықтың, елдің қамы үшін жасалатын ерлік десек артық айтқандық емес.
– Ал осының бәріне сырттай бақылау жасап, кейде өз пікірін ашық білідіретін де бұқаралық ақпарат құралдары. Қазіргі БАҚ-на қандай баға берер едіңіз? Тәуелсіздік олардың дамуына үлес қосты деп айта аласыз ба?
– Міндетті түрде! Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі олардың өсуіне үлкен септігін тигізді. Мен өзім кеңес заманында тәрбие алып, журналистік мамандығымды енді бастайын деп жатқанда тәуелсіз елге айналдық. Сондықтан ол кезде барлығы көз алдымда өтіп жатқандықтан, мен де олардың дамуын ғана бақылап қоймай, солармен бірге өстім. Бұл қиын жолда көптеген хас шеберлер, өз маманының нағыз іскерлері аянбай тер төкті. Оның ішінде, белгілі публицист Камал Смайылов, Мұхтар Мағауин, қазақтың “Кентавры” атанған Марат Қабанбай марқұм, Тұрсынжан Шапай, “Жас алаш” газетінің редакторлық қызметін атқарған Нұртөлеу Жүсіп, қазірге дейін өз жолынан таймаған Серік Жанболат секілді азаматтарды мақтанып айта аламыз. Әрине, бұл тізімді әрі қарай шексіз жалғастыры беруге болады. Халқының осындай бірегей ұлдары арқасында қазақ бұқаралық ақпарат құралдары кәзіргідей табанында нық тұр. Тәуелсіз ел атанғанымызға көп уақыт өткен жоқ, соған қарамастан бұл үлкен жетістік. Үлкен державалар қасында біз мүмкін көл қасындағы көлшік шығармыз, бірақ толассыз ақпарат заманында олардан кем түспейміз.
– “Журналистика – төртінші билік” деп жатамыз. Мұның шынайы мән-мағынасы қайда жатыр?
– Шын мәнінде, бұл қазіргі кірпіші қаланып, халықтың санасында қалыптасқан түсінік, пікір деуге де болады. Мен мұнымен жеке өз басым келісе алмаймын. Себебі, қазіргі таңда билік дегеніміз басқа сипат алған. Билік бар жерде, бұйрық бар, билік бар жерде нұсқау бар. Ал журналистика ол билік пен қоғам арасын байланыстырып тұрған көпір. Ол тек сырттан бақылаушы ғана, бір сөзбен айтқан нейтралды дүние.
– Сұхбатымыздың соңында қоятын сұрағым, өз ісінің нағыз маманы қандай болуы керек?
– Баршамызға танымал клоун, қазақша айтқанда, сайқымазақ – Юрий Никулинді мен өз ісінің нағыз, адал маманы деп анық айта аламын. Жоғарыда айтып өткендей, халықты күлдіре білу үлкен талант. Ол кісі цирк аренасында көп жылдар бойы еңбек етті. Кезекті бір қойылымына дайындалып жатқанда, баласы қатты ауырып, ауруханада жан сақтау бөлмесіне түседі. Сондағы ол кісінің ерлігі – баласының өлім мен өмір арасында жатқанын біле тұра, аренаға шығып, өз нөмірін орындап шығады. Бұл екінің бірінің қолынан келмейтін бастылдық екенін айтқым келеді. Осы оқиға жайында ол кісі: «Цирк залы лық толған халық еді. Оларды тастап кетуге менің арым бармады. Баламды бір құдайдың қолына тапсырдым» деп өз ісінің шынайы маман екенін осылай дәлелдеген болатын.
– Өз кезегімде, Ю.Никулин сияқты өз маманының адал шеберлері көбейе берсін дегім келеді.Көңіл бөліп, сұхбат бергеніңізге көп рахмет.
Сұхбат алған Арайлым

 
 

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

 
%d bloggers like this: