RSS

Яки Ілиясұлының өлеңдері

30 Mar

Таң

Таңмен бірге тіршілік оянады,

Алау нұрға табиғат боянады.

Туған жердің ақ шуақ таңдарына,

Тамсанбастан қандай жан тоя алады.

Қызығамын мен дағы тамсанамын,

Жұпардайын жұтам да таң самалын.

Ертеменен тұрамын,

Қарсы  аламын,

Алдан жайнап шығардай аңсағаным.

Аңсайтыным құс әні – қиқулаған,

Ғашық наздай көңілді сиқырлаған.

Аңсайтыным – балауса іңкәр сезім,

Құштарлықпен жаныма нұр сыйлаған.

О, достарым ұққайсың дұрыс мұны,

Аңсайтыным – жазылар жыр ұшқыны.

Таңмен бірге келсе деп әр күн сайын,

Аңсайтының өмірдің тыныштығы.

Аңсайтыным – еңбегім құлшынатын,

Жалынымнан арайлы күн шығатын.

Шабыт сыйлар өлеңге таң шапағы,

Қалай ғана тұра алсын тыншып ақын.

Таң нұрымен келеді бар шаттығым,

Деп айта алам халқыма жар сап бүгін.

Мен сол үшін аңсаймын келер таңды,

Жайнап шығар тірліктің қарсы ап күнін.

Шырқап салып өмірдің ғашық әнін,

Армандарға жеттуге асығамын.

Мен келемін сұңқардай қанат қағып,

Көкіректе шаттықтан тасып ағын.

Асығыспын, артыма қарайламан,

Ақ таңдарым тұр күтіп арайланған.

Асығамын өйткені, күлімдеген,

Бақытымның шуағы тарайды алдан.

Асығыспын келемін жылдамдықпен,

Қалып жатыр артымда жылдар күткен,

Әр қадамым минутпен өлшенеді,

Қарқынымды ақындар жырлап тіптен.

«Асықпаған қоянға арбаменен,

Жетіпті» деп біреулер «арбағанмен».

Дау айтамын, көнбеймін, дәл бүгінгі,

Дамысыма күшімді парлағам мен.

Асуларды алуға мен асықтым,

Нелер қиын күдірлі бел асыппын.

Жұлдыз болып ағады арғымағым,

Дүлдүлімен талайдың таласып мың

Дәл осылай асығыс шабыспенен,

Алды халқым қолына табысты ерен.

Сондықтан да хақым жоқ аялдауға,

Жұлдызыңды, Айыңды алыс демен,

Жақындасам, теңдесем дамысты елмен.

Шырқап салып өмірдің ғашық әнін,

Нұр-болашақ шыңына асығамын.

Зуылдатып келемін тоқталмаймын,

Көкіректе шабыттан тасып ағын.

Әжеме

Босағасын бабамның құлатпағын,

Немереңді әлдилеп жылатпадың.

Көрдің бүгін отанның шарапатын,

Жанды алдыңнан жарқырап шырақтарың,

Қабыл болып көксеген мұраттарың.

Ұмытылды сан азап жасыңдағы,

Сейілді де, боз тұман басыңдағы,

Ақ батаңа бөленді ұрпақтарың,

Еркелетіп отырған қасыңдағы,

Өміріңнің солар ғой жасыл бағы.

Ақ жүзіңнен тұрады мұң білінбей,

Көңіліңнен шуақты күн күлімдей,

Сезіледі-ау бір күнің қызық толы,

Сонау өткен заманғы мың күніңдей,

Жауқазаның жайқалып қыр гүліңдей.

Тұнығы боп жырларым таза арыңның,

Асылдарын арнаймын жазарымның.

Шат-күлкісі немере-шөбереңнің,

Сазы болсын шырқалар жаз-әніңнің,

Тарқамауын тілеймін базарыңның.

Күтем сені күндерім

Күтем сені күндерім – арқалайтын шаттықты,

Көңілдерге себілер алтын арай, пәктікті.

Күтем сені күндерім – бақытыма жол ашар,

Дамысымды шың құздай аспанменен таласар.

Сұлулықты ғажайып туған жерге жарасар,

Күтем сені күндерім – талабымды еселер.

Тұрсын толып шаттықтың шарбатына кеселер,

Күтем сені күндерім – жеткізетін мұратқа,

Болашағым нұрланып, көз тігемін жыраққа,

Шабытымды қанат қып, қамшы басам жыр атқа.

Естісем деп жастықтың сырға толы күндерін,

Күтем сені тағатсыз, күтем сені күндерім.

Бір-бірінен шуақты күндерім көп келісті,

Өтіп жатыр күндерім шуағы мол жемісті,

Сондадағы қалаймын түбегейлі жеңісті.

Жарқыратар өмірдің мақпал қара түндерін,

Күтем сені армандай, күтем сені күндерім

 

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

 
%d bloggers like this: