RSS

Яки Ілиясұлы

30 Mar

Ақын, әдебиет  сыншысы,  журналист  Яки   Ілиясұлы  1937 жылы  МХР-дың   Баян-Өлгий  аймағының Тұлба сұмыны өлкесінде туған.

1957 жылы Ауыл шаруашылық техникумын, 1976 жылы МХРП Орталық Комитеті жанындағы Д.Сүхбаатар атындағы Партия Жоғары мектебінің журналистика факультетін бітірген.

1967 жылдан Монғолия Журналистер Одағының, 1979 жылдан Монғолия Жазушылар Одағының мүшесі.

1957-1968  жылдары   аймақтық  Орман бөлімшксінде  техник, бастық,   1968-1981  жылдары «Жаңа өмір» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы, 1981-1991 жылдары  осы  газеттің   бас  редакторы,  1991-1996  жылға  дейін  Баспахана  директоры

қызметтерін  атқарған.  1981-1991жылдары  Монғолия  Журналистер  Одағының аймақтық

бөлімшесі  бастығын  қосып   атқарды.

әдебиеттік жолын 1960 жылдан бастап, өлең поэмаларының төрт, әдеби сын-рецензияларының екі кітабын бастырды. Бірқатар шығармалары «Жыр қарлығашы», «Қобда өзен толқыны», «Монғолия поэзиясының аньологиясы», «Қарлы Алтай сазы», «Таң шолпаны», «Ақбота», т.б.біріккен жинақтарда қазақ, монғол тілдерінде және жекеленген өлеңдері Қазақстаннан басылған «Бозіңген», Горны-Алтайдан басылған «Дружеский привет» біріккен жинақтарда жарық көрді.

Яки Ілиясұлы Монғолияның көрнекті ақын-жазушылары: Д.Нацагдорж, Ч.Чимэд, Ч.Лхасүрэн, Б.Явуухулан, Ч.Лодойдамба, Б.Бааст, Д.Цоодол, Д.Намдаг, Э.Оюундардың көптеген шығармаларын және Монғолия мемлекеттік сыйлығының лауреаты С.Дашдооровтың «Сахара сандалы» роман-дилогиясын ана тілімізге аударды.

Шлиясұлы Якидің әдеби журналистік еңбегі бағаланып,   «Еңбек құрметі» медалімен, Халық революциясының 50, 60, 70 жылдық мерекелік медальдарымен және «баспасөз, ақпараттық озат қызметкері», «Үздік баспагер», «Жас ұрпақты тәрбиелеуші озат қызметкер», «ҮІ, ҮІІІ бесжылдық екпіндісі» атағы, белгілерімен сыйланды.

Басылған кітаптары:

v Дала перзенті (өлең, поэмалар) Өлгий-1969 жыл;

v Көңіл көктемі (өлең, поэмалар) Өлгий-1978 жыл;

v Қаламгер парызы (сын, рецензиялар) Өлгий-1979 жыл;

v Таң шұғыласы (өлең, поэмалар) Өлгий-1982 жыл;

v Сыбызғы сазы (өлеңдер монғол тілінде) Улаанбаатар-1985 жыл;

v Шеберлік деңгейі (сын, рецензиялар) Өлгий-1985 жыл;

 

One response to “Яки Ілиясұлы

  1. jbek

    Сәуір 1, 2011 at 4:56 pm

    Қайдағыны қайдан тауып алсың ааа
    керемет екен

     

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

 
%d bloggers like this: