RSS

Жаңылтпаштар

05 Сәу

 Класта ақ бор бар, Көк бор бар, Көп бор бар. * * * Тақпақ жатта, Жатқа жатта. * * * Үйде неше шал отыр? Көсе шал отыр. Тақиясы шошайып Шоқша сақалды шақша бас шал отыр. * * * Ізшілер іздесті, Түз кезді, із кесті. * * * Ошақта от жоқ, Шоқ тап, от жақ. * * * Даланы қар жабар, Қарға балалар аққала қалар. * * * Дөнде тон-тоң көн, жатыр * * * Таяқ жон, Жонсаң жөн жон. * * * Қанат қанағаттанарлық баға алды, Қанағат канағаттанарлықсыз баға алды. * * * Бірқатар қада қада, Қадаларды қатар-қатар қада. * * * Екеуінін жасы шамалас, Бірінің шашы – қарашаш, Бірінің шашы – ақ шаш аралас. * * * Талғат балға тап, Оншақты жаңғақ шақ, Шақсаң, сақ шақ. * * * Түрің түрленіп, кідірмей оқы, Тілің күрмеліп, мүдірмей оқы. * * * Бұл, бұл – піл, Бұл бір ірі піл. * * * Қыста құлағым үсіп кетті, Үсіп, ісіп кетті. * * * Шешей отты көсеумен көседі Көсеумен кесек-кесек тезек төседі. * * * Пышағы кесті, жайышты, Шанышқысы шанышты. * * * Доп теп, Тек, Дөптен кеп теп. * * * Киген тоны – Онды тон, Өнді тон. * * * Қызым жүзім же, Жүзім үзіп же. * * * Тұз – мұздай, Мұз – тұздай. * * * Бұл бір жылтыр шылбыр екен, Кіл қылдан ескен қылшылбыр екен. * * * Тері шалбар бар, Тері шалбар киетін шалдар бар * * * Үйген жүгерілері, Түгел ірі жүгері. * * * Тайғанақта қай тай тайды, Тағалатпаған тай тайды. * * * Омартаға балалар барар, Балаларды аралар талар. * * * Бар, май шайқа, Байқа, жай шайқа. * * * Құрақ құрап көрпе көктеді, Қырық құрақ көрпе көктеді. * * * Көктемде шөп өнер жер Мал келер, мал ерер жер. * * * Шаншар шаршап жатыр, Қайсар жайша жатыр. * * * Ерді ел елер, Ер елге еркелер. * * * Шын еңбекшіл – өрмекші, Өрмекші – шын өрнекші. * * * Қанар қаптарды қаптап артар, Шанақ арбаны аттар тартар. * * * Тары ақта, Тары ақтап, Қапқа қапта. * * * Көпке бекер өкпелеме, Өкпе етпе, Тектен – текке өкпелетпе. * * * Бір қыз кесте тікті, Кестесін түсте тікті, Кеште тікті. * * * Қайрат қайрақ қайрап отыр, Дайрақпен балта қайрап отыр. * * * Қапыда ит қапты, Қатты қапты, Қапты қатты. * * * Тұрыс бұрышқа тұр, Бұрышта дұрыс ұрыспай тұр * * * Жапалақтап қаптап ақ қар жауды, Алқапты аппақ ақ қар жапты.

 
 

Пікір қалдыру