RSS

Арғынбай Жұмажанұлы (1929-1994)

19 Apr

Арғынбай Жұмажанұлы. Бұл есім Моңғолия қазақтарына ғана емес, күллі моңғол халқына танымал есім. Ол озық ойлы, талантты ақын, тамаша драматург, тұңғыш киноценарий жазған жазушы, әрі ұстаз-ағартушы адам болған. Ж. Арғынбай 1929 жылы Меңдікөл деген жерде дүниеге келген, қарапайым малшы жанұясында есейіп ержетеді. Ауылдық мектепте бастауыш, орта білім алып, 1954 жылы Алматыда Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін бітіріп еңбек жолын ұстаздықтан бастайды. Ол ұстаздық қызмет атқарып жүріп әдебиетке үлкен ден қояды. Ж. Арғынбайдың алғашқы өлеңдері 1949 жылы «Тақпақтар» деген атпен жеке жинақ болып шықты. Бұл-Моңғолия қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы жыр-жинақ болды. Сонымен қоса 1960, 1972, 1977 жылдары «Ертіс шындығы», «Біздің өлкеде», «Меңдікөл» кітаптары қазақ тілінде, «Эвийн голын дууль» (1978), «Мэнгэт гоо» (1984) кітаптары моңғол тілінде Өлгейде және Уланбатырда жарық көрді.
орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің меңгерушісі, аймақтық партия комитетінің хатшысы, “Жаңа Өмір” газетінің редакторы, қатарлы қызметтерді абыроймен атқарып, құрметті демалысқа шыққан. Монғол Халық Республикасы халық ағарту ісінің үздігі, 1950 жылдан Монголия Жазушылар одағының, 1971 жылдан Монғолия Журналистер одағының, 1993 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көрнекті жазушы драматург, Монғолия Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. Өлең, дастан, драмалық шығармаларының он шақты жинағы қазақ тілінде, төрт кітабы монғол тілінде басылған. Шығармалары орыс, украйн, болғар, тува, алтай тілдеріне аударылып жарық көрген. “Талаптылар мен табынушылар”, “Ертіс әуендері”, “Бірлестікшілер”, “Сандуғаш” пьесалары театр сахнасында қойылып, “Шайқас алдында”, “Домбыра әуендері” атты көркем және деректі фильм сценарилері кино болып шыққан. Моңғолия Үкіметі Арғынбай Жұмажанұлының ұстаздық және жазушы-журналистік еңбегін жоғары бағалап, “Еңбек қызыл ту”, “Алтын жұлдыз” ордендерімен және мерекелік медалдармен марапаттаған. “Көшпенділер” фильмінде айтылатын “Балапан қаз” әнінің сөзін жазған осы Арғынбай Жұмажанұлы
1994 жылы Қазақстанда, Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүние салды. Марқұмның құлпытасына өзінің “Қоштасу” деген өлеңінен мынадай бір шумақ қашалған:
Ұрпақ бердің ұлтыма айтып барам,
Өнер бердің, жыр төгіп шалқып барам.
Кешір мені туған жер — Моңғол елім,
Пендемін ғой, қаныма тартып барам!- деп өз өміріндегі істеген істеріне, жетістіктеріне қортынды жасайды.

 

Ілмектер: , , ,

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

 
%d bloggers like this: