RSS

Имашхан Байбатырұлы

19 Apr

Имашхан Байбатырұлы- Моңғолия қазақ мектептері 1930 жылдан бері Қазақстанның мектеп оқулықтарынан қол үзбеді. Сонымен қоса, 1960 жылдардан өздері мектеп оқулығын жасап, шығаруға мүмкіндіктері туды. Имашхан Байбатырұлы Моңғолиядағы қазақ тілінің дамуына, қазақтың салт-дәстүрін сақтап қалуға өз үлесін қосқан дарынды ақын, оннан астам жинақтың авторы, екі жүзден астам өлең, отыздай дастан, тоғау, баллада жазған журналист. И. Байбатырұлы әдеби басылымдарда, жазушылар бөлімшесінде, баспасөз әдебиетке сарапшы болып қызмет атқара жүріп, радиода хабар редакциясының тілші-редакторы,бас редактордың орынбасары қызметін атқарған. Ол кісінің өлең жолдары Моңғолиядан тыс көптеген шет тілдерінде жарық көрген. Моңғол тіліндегі алғашқы жыр жинағы «Домборын эгшиг» («Домбыра сазы») осы кітабы үшін Моңғолия жазушылар Одағының сыйлығын алды. Б. Имашхан “Ұстазым” (1960), “Телқоңыр” (1967), “Аққу әні” (1970), “Айналайын атыңнан” (1975), “Ғашық көзбен қарасам” (1977), “Тақуа Таңдайбай” (1979) т.б. деген кітаптары жарық көріп, 1979 жылы «Алтын жұлдыз» орденін иемденді. И. Байбатырұлының шығармалары орыс, қазақ, моңғол, болгар тілдеріне аударылған. Өмірінің соңғы жылдарын Қазақстаның Семей қаласында өткізіп, Отаныңда дүние салады.

 

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

 
%d bloggers like this: