RSS

Биік мұнаралар

21 Apr

Биік мұнаралар

Қос сәйгүлік, разымын мен саған,
Сен арқылы ұзақ жылдар аңсаған,
Ұлы Отанның кездік гүлді өңірін,
Ретін жоқ шаршаған.
Талай күндер ат басымен алысып,
Соққан желмен соққан желдей жарысып.
Келеміз біз малды ауылдан аттанып,
Ерлерменен табысып.
Бізді ауыл құшақ жая құшты кеп,
Ауылдағы өмір неткен ыстық ед.
Әрбір көзге ұялаған күлкілер,
Нұрланыпты сұсты бет.
жалын шашып жатқандай,
Еркін күнде еркін өскен жасқанбай.
Әрбір көңіл кіршігі жоқ ақ айдын,
Төңкерілген аспандай.
Сондықтан ғой мен ауылға асығам,
Махаббатпен жүрегімде тасыған.
Айналдым мен ауылымның күн сүйген,
Құдіретті таңынан.
Құшағы ашық төрі, дайын, үйі кең,
Қарсы алар қуанышты күйімен.
Маған ауыл жалын берді басылмас,
Ауылды мен сүйіп ем.
Ақын деген көңілденсе баладай,
Қуанады бар жоғына қарамай.
Ренжісе көңіл деген құлазып,
Жайдақ қалар даладай.
Бұл сапарда азба менің көргенім,
Берді маған ауыл ыстық өр демін.
Малды ауыл қызығына батты да,
Өрдім өлең өрнегін.
Малды ауыл табыстырдытасыған,
Жүрегіме ұялатты асыл ән.
Алда биік мұнаралар тұр күтіп,
Енді соған асығам.
Қос сәйгүлік, ер қанаты, қос арман,
Тағы келем сонда мені тос алдан.
Енді аспан қыранына көз салам,
Байтақ елге жасарған.
Найзағайдай тіліп өтті аспанды,
Ту төменге қалдырдықта асқарды.
Көк жүзінде келеміз біз зымырап,
Шаттық орап бастарды.
Ыстық мекен, туған дала жарық қап,
Тұңғыш ауа көк теңізге тұрақтап.
Келеміз біз ақ қыранмен зымырап,
Күндік жерді бір аттап.
Кіршігі жоқ күлім көзге қарап бақ,
Жүректерден сезіледі ар аппақ.
Отыр әне бір бойжеткен құмарта,
Кітап бетін парақтап.
Әжей отыр көз жіберіп төменге,
Төмендегі жеңіл пүліс белеңге.
Қария отыр құлақ түріп көршілес,
Жігіт айтқан өлеңге.
Күн жауады, күн жауатын бастанды,
Терезеге қарап бұлттан жас тамды.
Жеңгей күлген бөбегінің бетінен,
Бақыт көріп мастанды.
Күледі қарт, алғысы-ау ол заманға,
Көк аспан да басын иді адамға.
Түтеленген бұлттар жүйткіп барады,
Енді біздің табанда.
Ақ лайнер тербетеді жай ұшып,
Бұл ақ қыран көрген емес қайысып.
Өзіміздің үйіміздей бортта біз,
Алдық ыстық шай ішіп.
Тағы қызды әзіл, күлкі, әңгіме,
Көк аспанда тындадың біз әнді де.
Аспан жолы – жан жұмағы солай боп,
Қала бермек мәңгіге.
Қуанышқа берді жүрек тереңін,
Төмен қарап, қала көріп келемін.
Біздің қыран тастады артқа аспанның,
Ақ ұлпа бұлт-желегін.
Кең жазықтын етегінен түре кеп,
Түстік жерге, қарайды қарап түрегеп.
Кең құшағын аштыдағы жер – ана,
Қабылдады күле кеп.
Шаттық деген алып ұшып барады,
Алаңға қарт құмарлана қарады.
Самолеттер алаңдағы тізілген,
Көгендегі қозыны еске алады.
Шаттық жеңсе тұрады кім бүрісіп,
Жүрек деген бір күледі, бір ысып.
Самолеттер қонып жатыр алаңға,
Кетіп жатыр бірі ұшып.
Міне, қала зәулім үйлер сап құрған,
Көгалдарды ауар емес нақ қырдан.
Көшелерін бойлай өскен ағаштар,
Көрек алып ақ нұрдан.
Құйын кезген сар далалар кеше бұл,
Қайғы езген мұңлы дала кеше бұл.
Ал бүгінше, қызығына тоймайсың,
Аралатпа неше жыл.
Шыжыған күн қыздырмайды арқаны,
Жапырақтар саясына тартады.
Гүл дегенің оюындай сырмақтын,
Оның бөлек бар қамы.
Оқтай түзу көшелермен ағылып,
Шұбап жатқан техника сабылып.
Таудан түскен қоралы қой сияқты,
Мөлдір суды сағынып.
Көк түтіні көк аспанға беттеген,
Трубалар таласады көкпенен.
Жарқыраған асфальт жолдар қағазда.
Оқушының сиясындай кеппеген.
Үйлер қандай, гүлдер қандай күтілген,
Мықты қолдар мықтылықпен бітірген.
Зымыраған поездардың түтіні,
Әжейлердің шудасындай түтілген.
Өндірісте әсте тыным болмайды,
Ұзақ кеңес деген ол жайды.
Өндіре сап неше түрлі өнімін,
Қажетіне жолдайды.
Театры, музейлері қарсы алып,
Қуантады, қаласын сен тамсанып.
Радио ел дамысын алсықа,
Жеткізеді жар салып.
Кезігесін білімді аға бауырмен,
О, қуаныш сенде сонша ауыр ма ең.
Қалалар да отырып-ақ алаңсыз,
Сөйлемесің ауылмен.
Мұнаралар көк тіреген төбесін,
Жүрегіме шаттықтан гүл егесін.
Астанада отырып-ақ алаңсыз,
Москваны көресін.
Шақырады алаңда би ырғағы,
Қандай мақтан, елдің сәндік құрғаны.
Қызыл гүлдей бүлдіршіндер иіліп,
Сәлем беріп тұрғаны.
Зәулім үйлер салған қалай сымбаттап,
Күтер қала өз үйіндей құндақтап.
Бұл қалалар мол тыныспен дем алған,
Қалалар да түнде аппақ.
Ақ мәрмәрмен қаптағандай төбесін,
Көрмегендер бөсіп кетті демесін.
Қоңақ үйде отырып –ақ бөлмеде,
Концерт, кино көресін.
Қыр, ойымды жоқ қой бүгін бас қайғы,
Әрбір қадам бір жасатып тастайды.
Бұдан қызық ойлап елдің ертеңін,
Қаншама бас қақсайды.
Мен ойдамын, картта жиі толғанад,
Өлең – серік, авторучка – қолқанат.
Қалалардан кетіп жатыр ауылға,
Жас мамандар жолдама ап.
Қалаларда таң күлімдеп атады.
Қалаларда күн күлімдеп батады.
Қалалардан тарап жатыр ауылға,
Мәдениет шапағы.
Сапар-сапар қызық сапар тоқтама,
Тарам жолдар баста мені шахтаға.
Өндірісті қорғаушы күш шахтердің,
Ерлігіне жоқ баға.
Миллиондап тонналаған көмірді,
Шахтер деген батырлар ғой көңілді.
Құрыш қолдыболат жандар осынау,
Бөледі әнге өңірді.
Кең жазықтын қойның тескен қопарып,
Қара алтынды қара судай қопарып.
Бұл шахтерлер еңбегімен танылған,
Ұлы рухтан от алып.
Ұрпағы бұл малшылардың қой баққан,
Енді міне, кенге қолын бойлатқан.
Нелер ауыр күндерде де осылар,
Өндірісті қозғады.
Самурайдың оғы тескен өкпесін,
Енді өлім – оқ бұл арадан өтпесін.
Сол далада мұнаралар тұр бүгін,
Заман бақыт еккесін.
Келем көріп мол байлықты алыс күн,
Алтын, мұнай көздерімен таныстым.
Мұнаралар көк тіреген төбесі,
Айғағындай табыстын.
Мұнаралар – зәулім үйлер шуақты,
Мұнаралар – жақындатқан жырақты.
Мұнаралар – ел байлығын тасытқан,
Өндірістер қуатты.

 

Ілмектер: , , , ,

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

 
%d bloggers like this: